• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

Иман

Ақида ілімінің тарихы

Akida iliminin tarixiХазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) пайғамбарлық кезеңінде ақиданың және өзге ислами ғылым салаларының қайнар көзін құрайтын уахилар келіп тұрды. Пайғамбарлықтың осы 23 жылдық кезеңінде ақида (саласын) ілімінің жазбаша болғандығын айту мүмкін емес. Өйткені, барлық сала мен сенімге байланысты сұрағы болғандар Пайғамбарымызға жүгінетін.

Подробнее: Ақида ілімінің тарихы

Ақиданың қамтитын тақырыптары

Akidanin kamtitn takiriptariИслам    сенімі    бойынша,    адамзатқа    жіберілген діндердің сенім негіздері уахиға сүйенгендіктен, барлық иләһи  діндерде  иман  негіздері  бірдей.  Яғни,  Хазіреті Адамнан  (а.с.)   соңғы  пайғамбар Мұхаммедке  (с.а.у.) дейінгі  адамзат  үшін  жіберілген  діндерде  иман  негіздері  өзгерместен  бірдей болып  келгендігін  жоғарыда айтып өткенбіз.

Подробнее: Ақиданың қамтитын тақырыптары

Ақиданың маңыздылығы

Жоғарыда да тілге тиек еткеніміздей, ақида діннің негізгі  сенімін  құрайды.  Аллаһ  Тағала  тарапынан  жі- берілген  елшілердің уағыздау жүйесі де – алдымен бір Жаратушыға, сонан соң ақырет күні мен пайғамбарларға деген сенімнен тұрады. Осыдан-ақ, сенімнің қаншалықты маңызды  екенін  пайымдауға  болады.  Құран  Кәрімдегі, әсіресе,  Меккеде  түскен  сүрелерді  зерделеп  қарағанда сенімге байланысты мәселелер басым болғандығы байқалады.  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)   Меккеде  13  жыл бойы халықты бір Аллаһқа иман етуге шақырды. Бұл да сенімнің маңыздылығын көрсетеді.

Подробнее: Ақиданың маңыздылығы

Ақида дегеніміз не?

«Ақида» ұғымы араб тілінен аударғанда (сөздік, яки грамматикалық мағынасы) «бір нәрсенің бөлек ұштарын бір  жерге жинау», «топтау» мағынасын береді. Көпше түрі   «ақаид».  Терминдік  мағынасы  болса,  дініміздегі басты  тұжырымдарды құрайтын сенім жүйесі, дәлірегі, иман негіздері дегенді білдіреді.

Подробнее: Ақида дегеніміз не?