• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

Napsini bileu

«Тобықты елімен көршілес төлеңгіт руынан шыққан Меңаяқ би қайтыс болғанда, Абай аза тұтып, дұға оқиды. Артынан жиналған елге: «Меңаяқ өзінің басының атын өзі алып жүре алатын адам еді», - дейді. Азалы елдің бір үлкен адамы:

- Абай-ау, ол не дегенің?! Меңаяқ өз атының ғана басы емес, рулы елді билеген адам емес пе?!- дейді. Оған Абай:

- Елді билеуден адамның өзін-өзі билеу қиын. Жағдайы келгенге бақ көтеріп, таққа отыру бола береді. Бірақ соның буымен өзін-өзі ұстай алмай, абыройын ашатындар көп. Меңаяқ сонан аулақ жан еді. Оның зор адамдығының өзі сонда еді,- депті».

(Ағжан Машани. Әл-Фараби және Абай. Алматы «Қазақстан» 1994. 126Б.)