• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

Text Size
Top Tab Content

Mandailarin tigzidi

Махшар алаңына жиналған адамдар мәңгілік тұрақтарына ұшып кетуді сабырсыздана күтуде. Пайғамбарлар, шейіттер мен әулие құлдар ешбір қиындықсыз-ақ өз орындарын табуда. Ал былайғы жұрт «елу мың жылға созылады» деген ұзақ жолды қалай жылдамдатудың ретін таппай қиналуда. Оларды тек қана жалған дүниедегі жасаған ізгі амалдары ғана құтқаруы мүмкін еді. Әркімнің сауапты және күнәлі істері қыл салмағын да өте-мөте дәл көрсететін таразымен өлшеуге алынуда. Адамдардың арасында дүние тіршілігінде жасаған жақсылықтары жетпей қалған бес-алты жігіт өздеріне басшылық жасап жүрген періштеге келіп былай деді: «Біз дүниеде жүргенімізде әлемдік деңгейде ұйымдастырылған үлкен бір жарысқа қатыстық. Жарыс шарты бойынша өзіне ұнаған көлікке қолын қойып, одан қолын тартып алмай ең көп уақыт тұрған адам сол көліктің иегері болатын. Міне, біз де бірнеше күн бойы нәр татпай, қанша қиын болса да шыдап, қолымызды қойған жерімізден жылжытпай тұрып, сол көліктердің иесі болғанбыз. Енді бүгін сол еңбегіміз үшін мұнда да сол көліктеріміз бізге берілуін, сонымен мына жолдан жылдам өтіп кетуді қалаймыз.»

Періште жарыс шарты туралы есіткен соң: «Еее, керексіз нәрсеге қол тигізіп тұрған екенсіңдер ғой, сендердің ол көліктерің бұл жолда жүре алмайды,» - деді. Әлгі жігіттер: «Сонау көз ұшында ұшып бара жатқан адамдар да дүниеде бір нәрсеге маңдайларын тигізіп тұрыпты, енді сонысымен Жәннатқа ұшып жатқан көрінеді ғой. Біздің көліктер одан кем бе?» - деп сұрайды.

- Ия, - деді періште, - олар да бір нәрсеге маңдайларын тигізіп тұрды және де сендер сияқты бірнеше күн бойы емес. Бір күнде бір сағат қана тигізді.

- Бір-ақ сағат дейсіз бе, ал біз бірнеше күн ұйықтамай, тамақ ішпей, өлуге жақын қалып тұрып, қолымызды алмай шыдадық емес пе? Жарайды мақұл, сонда олар маңдайларын неге тигізіп тұрыпты сонша?

- Жайнамазға, - деді періште. Қазір, міне, сол жайнамаздармен Жәннатқа ұшуда.

 

ОҚО Орталық мешіт

Категория: Ғибратнама
Bottom Tab Content