• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

Text Size
Top Tab Content

On Kumis

Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қолында он күміс бар еді. Төрт күміс беріп Мәдина базарынан бір көйлек сатып алды. Жолай бір қайыршы жаңа алған көйлегін сұрап қол созды. Ойланбастан дереу ұстатты. Өзі төрт күміс беріп тағы бір көйлек сатып алды. Қолында екі күмісі қалды. Келе жатқанда жол шетінде жылап отырған кішкене қыз баланы көрді. Қасына барып неге жылап отырғандығын сұрады. Ол қыз біреудің қызметші күңі екен. - Қожайыным ұн әкел деп маған екі күміс беріп еді. Мен оны байқамай жоғалтып алдым, - деп мұңайды.

Алла елшісі соңғы екі күмісін соған беріп: - Жылама, мә, ұнды мынаған сатып ал,- деді. Қыздың әлі де қабағы сынық көрінді. «Үйге көп кешіктім, таяқ жейтін болдым» деген уайым екен. Алла елшісі оны қолынан жетектеп жүріп алдымен екеуі ұн сатып алды. Бірге қыздың үйіне барды. Үй иелері тым кешкі уақытта үйге Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзі келгенін көріп таңғалысты. Пайғамбарымыз кішкене қызды көрсетіп: - Тым кешіктім, енді таяққа жығатын болды деп қорқып тұр екен. Байқаңдар, ұрушы болмаңдар, - деді.
Үй иелері әлі де таң-тамаша күйден арыла алмаған. – Я!, Алланың елшісі, біздің үйімізге сізді келтіріп үлкен қуаныш сыйлағаны үшін мен оны құлдықтан босаттым, ол енді азат, - деп салды. Пайғамбарымыз осы сәт қолын жайды: «Иә, Алла! Мендегі он күмістің берекеті не деген күшті! Онымен маған да, бір кедейге де көйлек кигіздің. Мына қыз баланы қуантып, құлдықтан босаттың!» - деп шүкіршілік етті.

Категория: Ғибратнама
Bottom Tab Content