• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

Kum men tas

Екі дос шөл далада жолаушылап келе жатады. Бір кезде сөзден сөз шығып, екеуі болмашы нәрсеге тартысып қалады. Біреуі ашуға мініп, екіншісін қойып қалады. Досының ұрғаны жанына қатты батқанымен, ләм-мим демей құмға былай деп жазып қояды: «Бүгін мені жан досым ұрды!»

Екеуі көкорай шалғын жерге жеткенше тоқтамай жүріп отырады. «Шөлімізді сол жерден басамыз» деп ойлайды іштерінен. Бір кезде таяқ жегені батпаққа батып, шыға алмай қатты қиналады. Тіпті, тұншығуға айналып, демі тарыла бастағанда, досы құтқарып қалады. Батпақтан құтылғаннан кейін, тастың үстіне ойып тұрып: «Бүгін мені жан досым, өлім аузынан құтқарып қалды» ,- деп жазады. Оның бұл жазуына таңырқаған жолдасы:

- Ұрған кезімде құмға жаздың, ал енді не үшін тасқа жазып жатырсың? - деп сұрайды. Сонда досы былай жауап береді:

- Біреу бізге жамандық жасаса, оны құмға жазғанымыз дұрыс, кешірім самалы оны өшіріп кетсін. Ал, біреу жақсылық жасаса, оны тасқа ойып жазайық, оны ешқандай жел өшіре алмасын!..

 

ОҚО Орталық мешіт