• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

Text Size
Top Tab Content

Lukman xakimnin nasixati

Хазреті Лұқманға замандастарының бірі: «Пайғамбарлардан үйренген іліміңізді қорытындылап, нәпсі тәрбиесі жөнінде бізге қысқаша түсіндіріп беріңізші?»,– деп өтініш жасапты. Хакім Лұқман: «Екі дүниеде де пайдасы тиетін бір сөз айтайын. Өткендердің және кейінгілердің ілімдерін дұрыс түсініп, оларды пайдаға асыру үшін сегіз нәрсеге мән беру керек. Олар: төрт уақытта төрт нәрсені қорғау, екі нәрсені ұмытпау, екі нәрсені мүлде жадынан шығару.
Қорғайтын нәрселер: Намазда көңілді, халық арасында тілді, жеп-ішуде тамақты, біреудің үйіне барғанда көзді.
Ұмытпайтын екі нәрсе: Алланың ұлылығы мен өлетін уақыт (ақтық дем).
Ұмытатын екі нәрсе: Біреуге істеген жақсылығыңды, басқаның өзіңе істеген жамандығын ұмыт.
Адамдардың істеген жақсылықтарын ұмытпау, менменсіп кетуден сақтап, жақсылық істеуге құлшынысты арттырады. Өзіңе істелген жамандықты ұмытпау, кектену және өш алу сезімдерін оятады. Міне, осылар Пайғамбарлар ілімдерінен қорытындылағаным»,– деп жауап берген екен.

ОҚО Орталық мешіт

Категория: Ғибратнама
Bottom Tab Content