• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

Meirimdi ake

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әке ретінде де адамгершіліктің заңғарында болатын. Үнемі таң намазына мешітке кетіп бара жатып, жолай қызы Фатиманың (р.а.) үйіне соғып, қызы мен күйеу баласы Әлиді таң намазына оятып кететін. Үлкен қызы Зейнеп мүшірік күйеуі Әбул-Аспен Меккеде қалып қойып, кейіннен Мәдинаға келген кезінде сүйікті қызын көріп қатты қуанады. Хазірет Османмен (р.а.) үйленген қызы Рұқия Хабәшістанға һижрет еткенде, ұзақ уақыт қызының хабар-ошарын біле алмай жүргенде, бір әйелдің келіп, олардың дін-аман екенін білдіргенде қуанышқа кенелуі, қызы Үммү Күлсім қайтыс болғанда қабірінің басында жылауы - міне, осының бәрі оның әкелік сүйіспеншілігінің жарқын көріністері. Алла елшісі немерелері Хасан мен Хүсейінді (р.а.) құшағына басып сүйетін. Немере қызы Умамә намаз оқып жатқанда келіп, үстіне шығып алса оны арқалаған күйінше намазын жалғастыратын. Үйінде немерелерін ойнататын. Бір күні әдеттегідей өзі ат болып Хасан мен Хүсейінді (р.а.) арқасына мінгізіп, ойнатып жүргенде ішке кірген хазірет Омар (р.а.) мына көрініске таң-тамаша болып, Пайғамбарымыздың немерелеріне: «Сіздің қандай тамаша сәйгүлігіңіз бар!», - дейді. Пайғамбарымыз да кідірместен: «Бұл сәйгүліктің қандай тамаша шабандоздары бар!» - деп үстіндегі немерелерін меңзеп, оларға деген құрметін көрсетеді.

ОҚО Орталоық мешіт