• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

Text Size
Top Tab Content

Duniedegi ush dokeiЕрте заманда Наушарбан деген кісі әкесі қайтыс болғаннан кейін орнына патша болып, таққа отырды. Бір күні ғұламаларды жинап кеңес құрды. Наушарбан олардан:

- Дүниеде не нәрсе көркем?- деп сұрады. Отырғандардың әрқайсысы әртүрлі жауаптар айтты. Бірақ, патшаның көңіліне ешбір жауап қонбады. Осы кеңесте кезінде әділ үкім еткен бір ғалым бар еді. Сол ғалым:

Подробнее: Дүниедегі үш дөкей

Категория: Ғибратнама

Bolektengendi unatpaiminПайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кішіпейіл жан болған. Өзін сахабалардан бөлекше ұстамай,  солардың бірі сияқты өмір сүретін.

Бір күні жолға шығады. Жолай сахабаларымен бір қой сойып, етін пісіруді  ұйғарады. Сахабалардың бірі алға шығып, «Уа, Аллаһтың елшісі! Қойды мен сояйын», - дейді.

Подробнее: Бөлектенгенді ұнатпаймын

Категория: Ғибратнама

Bilimartikpa BailikartikpaVII ғасырда өмір сүрген, мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі Әзірет Әлінің (Әли ибн Әби Талиб) ел ішінде «ілімнің қақпасы» аталып кеткендігінің рас-өтірігін сынау мақсатында жерлестері оған он адамды кезекпен жібермекші болған.

Подробнее: Білім артық па, байлық артық па?

Категория: Ғибратнама

Balaga daret aludi uiretken kariaПайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүйікті немерелері Хасан мен Хусейн ойнап жүріп, бір қарияның дұрыс дәрет алмағанын кездейсоқ байқап қалады. Қария дәрет алып болған соң, қалтасынан бет орамалын алып сүртініп жатқанда балалар сәлем бергеннен кейін: - Дәретіңізді Алла қабыл етсін, ата! - дейді. Қария ол екеуіне риза болып алғысын білдіреді.

Подробнее: Баладан дәрет алуды үйренген қария

Категория: Ғибратнама

Blaga otirik aitpau

 

 

 

Сахаба аналарымыздың бірі Ләйла (р.а.) күндердің күнінде дәм-тұз тартып Мәдинаға хижрет етеді. Қасында ұлы Абдуллаһ бар болатын. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үйінде отырған кезінде сыртта ойнап жүрген ұлын шақырып:

Подробнее: Балаға өтірік айтпау

Категория: Ғибратнама

Askabak pen jangak

 

 

 

Күздің жанға жайлы бір күні Қожа баудағы жаңғақ ағашын саялап жатыр еді. Төбесінен самсап тұрған бармақтай-бармақтай қошқыл жаңғақтарға көзі түскенде көкейіне бір ой келді. Қол созым жерде дүңкиіп-дүңкиіп жатқан асқабақтар да ойына ой қосты. «Япыра-ау!» деді, «О, Жаратқан ие, құдіретіңе шек жоқ қой. Бірақ, кейде бір істеріңе түсінбеймін.

Подробнее: Асқабақ пен жаңғақ

Категория: Ғибратнама

Altin nasixat

 

 

     Ислам ғалымы, шейх Әдәб Әлидің баласына айтқан насихатына 700 жылдан астам уақыт өтсе де күні бүгінгі дейін құндылығын жоймаған. Енді, соны оқып көрелік:
«Балам, таң ағарып ата бастағанда дүние есігін ашып, кешкі азан айтылғанда өмірден өтіп кететін жандар жеткілікті. Сондықтан әр күннің қадірін біл!

Подробнее: Алтын насихат

Категория: Ғибратнама

Асқармен жолда кездескенімде азан шақырылып жатыр еді.

– Бүгін жұма, білесің ғой. Сені мешітке апарайын, – дедім.

Бұдан бұрын да бірнеше рет өтінішімді қабылдамаған болатын. Сондықтан ол:

– Менің мешітке бармайтынымды білесің ғой, – деп асыға-үсіге жауап берді.

Подробнее: Ақ киім

Категория: Ғибратнама

Немересімен күн шуақта отырған қарт сонадай жерде бір-бірімен ырылдасудан-ақ шаршамайтын екі итіне сырттай көз тастап отырды. Екі иттің біреуі қара, біреуі ақ еді. Бала ес білгелі әлгі иттер атасының ауласында ылғи да ырылдасып жататын. Неге екені белгісіз, бұларды атасы қасынан бір елі ажыратқан емес. Бір үйді күзеткенге бір-ақ ит те жетпей ме, екеуінің түрі неліктен екі түрлі деген ойлар бала санасын көптен бері мазалап жүргендіктен осы жолы ептеп атасынан сұрауды жөн көрді.

Подробнее: Ақ ит пен қара ит

Категория: Ғибратнама

Хазірет Айша өте қанағатшыл еді. Дәулетті жанұяда туылса да Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) шаңырағына келген соң, жұпыны ғана тұрмысқа тез бой үйретті. Дін жолында барлық ауыртпалықтарды көтеруге өз еркімен көніп, бұл өткінші дүниенің қызығынан гөрі бақилық өмірдің бақытын артық санады.

Подробнее: Айша анамыздың (р.а.) қанағатшылдығы

Категория: Ғибратнама
Bottom Tab Content