• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

Text Size
Top Tab Content

Алла Тағала қасиетті Құран кәрімде: «Намаз оқылып болған соң, жан - жаққа тарап Аллаһтың мол рақымынан  (кәсіптерің арқылы) өз ризық - несібелеріңді іздеңдер», - деген.[1]

Құран - адамгершілікті, сүйіспеншілікті, көркем мінез рухани жан тазалығы  адал еңбек етумен жақсы өмір сүруге шақырады. Құранда адамның жаратылыс мақсаттары, соның ішінде еңбек етудің міндеттілігі, осы дүниедегі несібесі жайлы дәлелдер көп:«Алланың саған берген дәулетімен ақырет жұртын ізде де, дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алла, саған жақсылық еткендей сен де жақсылық істе, сондай - ақ жер жүзінде бүліншілік ізденбе! Алла бұзақыларды сүймейді», - делінген.[2]

Подробнее: Еңбек ету мен адал табыс табудың Исламдағы маңызы

Категория: Мақалалар

Қоғамда бейбіт, тыныш өмір мен тәртіп сақтауға шақыратын дін - Ислам. Қасиетті Құран Кәрімде: «Уа, иман келтіргендер! Аллаһқа және Оның Елшісіне бас иіп бағыныңдар! Сондай – ақ бір - бірлеріңмен жанжалдаспаңдар! (Олай істер болсаңдар) үрейге түсіп, күш - қуаттарың азаяды. Сонымен қатар сабыр етіңдер! (Өйткені) Аллаһ сабырлы жандармен бірге болады», - деген.Өзара ынтымақ пен татулыққа, сүйіспеншілік пен қолғабыс көрсетуге шақырып, бөлінушілік пен дұшпандықтан сақтандыратын Ислам сияқты дін жоқ. Құран мен Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадистері мұның айқын дәлелі.

Подробнее: ДІН МҮДДЕСІ ЕЛ БІРЛІГІ

Категория: Мақалалар

Барлық мақтау мен мадақ  әлемді жоқтан бар етіп жаратқан, адамзатты ең ардақты әрі құрметті еткен, пендесіне сансыз нығметтер сыйлаған жалғыз Жаратушы, ризық беруші, дұға-тілектерімізді қабыл етуші әрбір ісімізден есеп алушы Ұлы Аллаға тән. Оның игілігі «Расында сен ұлы мінез иесісің», - деп сипаттаған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.у) - ға, сәлемі оның отбасына, сахабаларына және бүкіл мұсылмандарға болсын.

Подробнее: БАСҚА ПӘЛЕ – ТІЛДЕН

Категория: Мақалалар

Ойын – баланың бал тілі десе де болғандай. Ойын арқылы бала қуанышын да, өкпесін де, қорыққанын да бәрін жеткізеді. Ойын барысында үлкендердің іс-қимылдарын салып, оларды айнытпай келтіреді. Қуыршақпен ойнаған кішкентай қыздың оны киіндіргені, әлдилегені, тербеткені, ертегі айтқаны сол күйі шешесінен көргендері екендігі айдан анық көрініп тұрады. Қуыршақпен сөйлескенде айтатын сөздері де тура анасының сөздеріне ұқсайтындығын байқайсыз. Тіпті ұрысқаны да, жұбатқаны да, еркелеткені де анасын сахынада салып тұрғандай әсер береді.

Подробнее: Баланы тәрбиелеу және кәсіпке баулу

Категория: Мақалалар

Құран Кәрімде: “Адамзатты Біз ата аналарына жақсылық жасауға бұйырдық. Анасы қиналып жүріп құрсағында көтереді, қиналып туады. Құрсақ көтеру, емшек емізіп бағу мерзімі отыз ай. Ол кәмілетке толып қырық жасқа жеткен шағында: “Тәңірім! Өзің маған және ата-анама берген нығметтеріңе шүкір етуім үшін, Сен риза болатындай ізгі амалдарды жасауым үшін маған медет бер. Менің ұрпағымды да ізгілерден ете гөр. Мен саған шындап тәубе еттім. Мен шынайы мұсылманмын”, - делінген (“Ахқаф” сүресі , он бесінші аят).

Имам Мүслим (рахматуллаһи аләйһ) риуаят еткен хадис шәріпте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Ата-аналарыңа мейірімді болыңдар, сонда перзенттеріңнен мейір көресіңдер”, - деген.

Подробнее: Ата-ананы құрметтеу және туған-туыстармен жақсы қарым-қатынаста болу мәселелері

Категория: Мақалалар

Әрбір мұсылман баласы өзінің сенімінің (ақидасын) ара-жігін ажыратып, толыққанды танып-білуі - өте маңызды саналады.
Қазіргі кезде түрлі қоғамдық орталарда адам баласын әртүрлі жолдармен адастырып, өз пайдаларын іске асыру мақсатында: “Сен тура жолды таптың, жолыңды ашып, болашағыңды болжап, бал ашып берем”, - деп алып-ұшып жүретіндер аз емес.
Әлбетте, ондайлар үшін бал ашу - кеше де, бүгін де бизнес көзі. Ал, бұл басқалар үшін қасірет, олардың өздері үшін ақырет азабы. Бал ашу да, аштыру да шариғатта харам. Бүгінгі кездері, өкінішке орай, бүкіл әлемде бұл дерт мейілінше өршіп тұр.

Подробнее: Емшіге бару, бал аштыру — ай жарықта адасумен тең

Категория: Мақалалар
Категория: Мақалалар
Категория: Мақалалар
Категория: Мақалалар
Bottom Tab Content