• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

Text Size
Top Tab Content

Jamagatpen namaz oku

Жамағатпен намаз оқудың абзалдығы және оның дәлелі

Жамағат — имам мен имамға ұйығандардың арасында болған байланыс және рухани бiрлiк. Ислам діні мұсылмандардың бiр жерге жиналып азды-көптi бастарын қосу үшiн әр түрлi құлшылық және қоғамдық қарым-қатынасты себеп еткен. Бiр күнде бес уақыт намаздың көпшіліпен бiрге өтелуі, жетісіне жұма намазын, жылына екi рет айт намаздарын әр жерде одан да көп жамағатпен оқылуы, тiптi жылына бiр рет бүкiл жер бетіндегі бай-дәулетті әрі сапар шегуге күшi жететiн мұсылмандардың Арафатта қажылық ету үшiн бiр жерге белгілі бір уақыт ішінде жиналып бас қосулары осының айғағы
Жамағатпен намаз өтеудің қажеттiгi — Құран, сүннет және Ислам ғұлама-ғалымдарының нақты пәтуаларымен бікітілген. Алла Тағала:
«Егер сен iшiнде (соғыс майданында имам болып) тұрған кезде, олардан бір бөлігі сенімен бірге намазға тұрсын, барлығы қаруларын алсын. Сонда қашан олар сәжде қылса, (саған үйып бір ракағат оқыса,) олар арт жақтарыңда (жау жақта) болсын. Екінші намаз оқымаған топ келіп, сенімен бірге намаз оқысын, қорғаныстарын, құралдарын да алсын. Өйткені кәпірлер құралдарыңнан, нәрселеріңнен қәперсіз болуларыңды, үстеріңе бір-ақ шабуыл жасауды ойлар»
Осы аятта Алла Тағала соғыс кездерiнде, қауiптi жағдайларда да жамағатпен бірге намаз оқуға бұйырады. Сондай-ақ сондай кездерде сақтық шараларын да қолданыңдар деп бұйырады. Міне, осындай жанын шүбірекке түйген соғыс кезінде де жамағатпен намаз оқуға бұйырлыған болса ал бейбiтшiлiк, тыныштық уақытта жамағатпен намаз оқудың юқаншалықты маңызды екенін айтпаса да түсінікті болар.
Пайғамбарымыз (с.а.с) жамағатпен намаз оқудың артықшылығы жайында:
«Жамағат намазы — жеке (жалғыз) кiсiнiң намазынан жиырма жетi есе артық» -десе басқа бір риуаятта:
«Мешiтке тек намаз оқу үшiн барған кісінің намазы, оның үйiнде немесе базарда оқыған намазынан жиырма бес есе артық. Мұндай кісі дәретiн кемшiлiксiз көркем түрде алып, сосын мешiтке тек намаз оқу үшiн бара жатқан уақытта, оның әрбір қадамы бiр күнәсiн кетiрiп, дәрежесiн бiр сатыға көтередi. Егер (мешітке барып) намаз оқыса, намазын оқып біткенше перiштелер: «Ей, Алла! Оған игiлiгiңдi нәсiп ет! Ей, Алла! Оны рахметiңе бөлей гөр!», – деп дұға етедi. Сендердің бірің намаздың басталуын күткен уақытта намаз оқығандай (сауап) болады» -делінеді. Байқап отырғаныңыздай осы екі хадистің бірінде жиырма жеті есе десе ал екіншісінде жиырма бес есе артық дегенді айтады. Бұл жерде аз айтылуы көптi жоққа шығармайды. Мүмкiн Пайғамбарымыз (с.а.с) бiрiншi азын бiлдiрiп содан кейiн Алла Тағала оған көп дәреже бiлдiргеннен кейiн ол да бiзге хабар берген болар. Бұл туралы кеңірек мағлұматты сұрақ-жауап бөлімінде қарастыратын боламыз.
Енді бір хадисте жамағатпен намаз оқығандардың ішінде ең көп сауапқа ие болатын кісілер жайында айта келе
Пайғамбарымыз (с.а.с) былай дейді:
«Адамдардың намазда ең көп сауапқа ие болатыны — (намазға) алыс жерден келетiндері. Сондай-ақ, намазды имаммен бiрге оқуды күткен кiсiнiң сауабы — намазды (жалғыз өзі) оқып, кейiн ұйықтаған кiсiнiң сауабынан артық». -деген.
Жұма намазынан басқа ең мықты жамағат таң намазының жамағаты, содан кейiн құптан, екiнтi жамағаты. Бұған дәлелiмiз мына екi хадис. Әбу Һурайрадан риуаят етiлген мына хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с):
«Адамдар азан мен бiрiншi саптың сауабын бiлетiн болса, сосын бұлар ды орындау үшiн жеребе тартудан басқа бiр шара таба алмас едi. Намазды алғашқы уақытында оқудын сауабын бiлетiн болса, жарысатын едi. Құптан мен таң намаздарының дәрежесiн бiлгенде еңбектесе де осы намаздарды жамағатпен бірге оқуға келер едi».
Әбу Һурайрадан риуаят етiлген осы хадистің басқа бір үлгісінде Пайғамбарымыз (с.а.с):
«Мунафықтар (екiжүздiлер) үшiн таң намазы мен құптан намазынан ауыр (қиын) намаз жоқ. Егер олар бұл екi намаздың қаншалық сауапты екенін бiлгенде еңбектесе де осы намаздарды жамағатпен бірге оқуға келер еді»,-деген.
Осман бин Аффан (р.ә) Пайғамбарымыздың (с.а.с) мына сөздерін риуаят еткен: Пайғамабарымыз (с.а.с): «Кiмде-кiм құптан намазын жамағатпен оқыса, түннiң жартысына дейiн намаз оқығандай болады. Ал егер кiмде-кiм таң намазы мен құптан намазын жамағатпен оқыса, түнi бойы намаз оқығанның сауабын алады», -деген. Бұл хадисті әт-Тирмизи риуаят еткен. Ал, Муслимнің риуаятында дәл осы хадисті мына төмендегіше жеткізеді:
«Құптан намазын жамағатпен оқыған адам түннiң жартысын намаз оқығанмен тең болады (яғни, сауабын алады). Ал таң намазын жамағатпен оқыған адам түнi бойы намаз оқығанның сауабын алады» -делінеді.


ЖАМАҒАТПЕН НАМАЗ ОҚУДЫҢ ҮКIМI

Ханафилар мен Мәликилердің көзқарасы бойынша жұма намазынан басқа парыз намаздарды жамағатпен оқу — күшi, шамасы жететiн ақыл-есі дұрыс ер кісілер үшiн суннеті- муәккәдәһ яғни, бекітілген сүннет болып табылады. Осыған байланысты әйелдерге, балаларға, ақыл-есі жарым жандарға, құлдарға, науақастарға, қатты қарыған кісілерге, қол-аяғы кесiлген жарым жандарға жамағатпен намаз оқу үшiн мешiттерге барудың қажетi жоқ. Жамағатпен намаз оқудың сүннет болуы «жамағатпен намаз оқығанның, жалғыз оқыған намаздан 27 есе артық екендiгiн» бiлдiретiн хадиске сүйенедi.
Ал, Шафиғилердің көзқарасы бойынша парыз намаздар үшiн жамағатқа бару — басы бос, жергiлiктi тұрғын және жалаңаш болмағандарға парыз кифая. Осылайша парыз намаздарын жамағатпен оқу Ислам дінінің бір рәмізі іспеттес.
Пайғамбарымыз (с.а.с) жамағатпен намаз оқуға шақырып:
«Үш кiсi бiр ауылда немесе сахарада (шөл далада) бiрге бола тұрып жамағатпен намаз оқымаса, шайтан оларды басынып алады. (Олай болса) жамағаттан бет бұрмаңдар! Расында бөлінген қойды бөрі жейдi», -деген.
Ханбалилердің көзқарасы бойынша жамағатпен намаз оқу — парыз айнға жатады. Бұған дәлел ретінде Алла Тағаланың Құран Кәрімдегі:
«Егер сен iшiнде (соғыс майданында имам болып) тұрған кезде, олардан бір бөлігі сенімен бірге намазға тұрсын..». деген аятын дәлел етеді. Сондай-ақ, мұны Құран Кәрімдегі:
«Намазды толық орындаңдар. Зекет беріңдер. Әрі рукуғ етушілермен (иілушілермен) бiрге сендер иіліңдер» деген аят қуаттай түсуде. Ханбалилер бұған дәлел ретінде Пайғамбарымыздың әр түрлi хадистеріне сүйенедi. Міне солардың бiрi:
«Нәпсiм құдiрет қолында болған Аллаға атн етіп айтайын. Расында мен от жағу үшiн отын жинатып, одан кейiн намаз үшiн азан оқуды, содан кейiн бiреуге имам болуын әмiр етiп, сосын жамағатқа келмегендердiң барып үйлерiн жағуды ойладым».
Ханафилар мен Шафиғилардың көзқарасы бойынша жамағаттың ең аз саны имам әрі оған ұйығалы тұрған екi кісі. Тiптi имамға ұйыған екі кісінің бірі кiшкентай бала да болса жамағат болып саналады. Өйткенi Пайғамбарымыз (с.а.с) таһажуд намазында кiшкентай Ибн Аббасқа имам болған және бiр хадисiнде «Екi кiсi және одан көбi де жамағат «298 деген.

ОҚО Орталық мешіт

Категория: Намаз
Bottom Tab Content