• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

С: Муздалифада болғаннан кейін не істейді?

Ж: Күн шыққан соң аздаған уақыттан кейін Минаға барады. Ол жаққа жеткен соң Ақаба деген жерде жеті тас лақтырады. Әрбір тасты лақтырғанда тәкбір айтып: «Бисмиллаһ! Аллаһу Әкбар! Ридан лиррахман ка ражман лиш-шайтан!» деп лақтырады. Лақтырып болған соң ол жерде тұрмайды. Алғаш тасты лақтырғаннан бастап тәлбия дұғасын айтуды тоқтатады.

С: Құрбан шалу керек пе?

Ж: Қажылықты жалқы түрде жасаушы үшін құрбандық шалу уәжіп емес. Һәдия сою мұстахаб.

С: Сонан соң не істейді?

Ж: Оныншы зул-хижжа – құрбан шалу күні қажылық жасаушы Ақабадағы тас лақтыруын аяқтаған соң шашын алады не қысқартады. Шашын алдырғаны абзалырық. Шашын алған соң не қысқартқан соң ихрам жағдайынан шыққан болып есептеледі. Оған ихрам жағдайында тыйым салынған нәрселерден әйелдерден басқаларының бәрі рұқсат етіледі. Тігілген не тоқылған киімдерін киюіне, иіссу себуіне, сақал-шашын қысқартуына, тырнақтарын алуына болады. Ал, қажылық пен ұмраны қоса істеушілер – тәмәттуғ және қиран жасаушылар Ақаба тас лақтыруынан соң һәдия сойып, шаштарын алады не қысқартады.

С: Қажылықты жеке атқарушы құрбандыққа мал шалғысы келсе шашын қысқарту не алуды осы құрбандықтан кейін орындағаны дұрыс па, әлде бұрын істегені дұрыс па?

Ж: Екі жағдай да болады. Бірақ, шашын құрбандық шалған соң алғаны абзал.

С: Оған шашын алу керек пе әлде қысқартса бола ма?

Ж: Харам аймағында шашын қысқартса не алса болады. Шашын Харам аймағынан тыс жерде алса не қысқартса айып ретінде мал союы шарт.