• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

С: Зиярат тауабынан кейін не істеу керек?

Ж: Минаға оралып, сонда тұрады. Он бірінші және он екінші күндері үш жерде тас лақтырады. Күн сайын түстен кейін лақтырады. Бірінші жәмратус-суғра – кіші тасқа барып тас лақтырады. Бұдан кейін Хайф мешіті бар. Сонан соң жәмрәтул-уста – орта тас, сосын үлкен тас – жәмратул-кубра ол Ақаба жәмрәті, яғни тас лақтыратын жері. Әрбір жәмратта жеті майда тас лақтырады. Әрбір тасты лақтырғанда тәкбір, тәһлил айтады. Екі жәмратты лақтырып болған соң оң жаққа қарай барып дұға етеді. Үлкен жәмаратта тас лақтырып болған соң жүріп бара жатып дұға қылады.

С: Осы екі күні түс болмай лақтырса бола ма?

Ж: Осы екі күндегі тас лақтыратын уақыт сол күнгі түс ауғаннан бастап келесі таң атқанға дейін. Сондықтан кмде-кім тасты ертерек лақтырса қайталауы керек.

С: Жәмраттарды бітірген соң не істеуі керек?

Ж: Меккеге қайтуына немесе Минада қалуына болады. Өйткені оған он үшінші күні де тас лақтыруы керек. Алла Тағала Құран Кәрімде «Сонда кінәдан сақтанған кісіге (Минадағы ғибадатты) асығып екі күнде бітірсе оқасы жоқ. Біреу кешкісі де кінә жоқ», деген. (Бақара, 203). Бірақ он екінші зул-хижжаның ақшамы болғанда оған ертеңгі он үшінші зул-хижжа күнгі тас лақтыруды тастап, Минадан шығу мәкруһ болады. Он үші күні таңды Минада атырса оған осы күнгі тас лақтыру уәжіп болады.

С: Кешігуші кісі он үшінші күнгі тас лақтыруды қашан орындайды?

Ж: Түс ауған соң лақтырады. Осылай істеу сүннет. Бұл күнгі тас лақтыру күн батқанға дейін созылады, күн батқан соң лақтыруға болмайды. Әбу Ханифа пікірі бойынша түс аумай тұрып лақтырса болады. Бірақ сүннетке керағар болғандықтан мәкруһ болып есептеледі. Ал, Әбу Юсуф пен Мұхаммед уақытынан бұрын лақтыруға болмайды деген.

С: Осы күнгі жәмраттар үшін Минада қалған адамның заттарын Меккеге апаруға бола ма?

Ж: Өзі Минада қалып, жүктерін Меккеге жіберу мәкруһ іс.