• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

С: Қажылық пен ұмраның ережелері қандай жағдайларда бұзылады?

Ж: Қажылық пен ұмра ережелерін бұзу жағдайлары екі түрлі болады:

1.     Ихрам жағдайын бұзу, яғни тыйымдарды бұзу.

2.     Қажылық пен ұмра амалдарын бұзу, яғни дұрыс орындамау. Мысалы, уәжіпті тастап кету, тәртібін бұзу, парыз немесе уәжіпті уақытынан кешіктіріп орындау.

С: Ихрам ережелерінің бұзылуы жағдайлары қандай?

Ж: Олар сегіз түрлі болады:

1.     Ерлердің тігілген киім киюі.

2.     Ерлердің бастарын жауып жүруі.

3.     Ерлер үшін де, әйелдер үшін де жүздерін жауып жүру.

4.     Денесіне, ихрам киіміне немесе төсегіне иіссу себу.

5.     Денедегі кез келген шашты не түкті жұлу, қыру, қысқарту.

6.     Тырнақтарын алу.

7.     Құрлық аңдарын алу немесе аңшыларға оларды көрсетіп беру.

8.     Төсек қатынасы немесе оны қызығушылықпен сүю, ұстау сияқты белгілерін жасау.