• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

С: Күн тұтылғанда мұсылмандардың не істеуі керек?

Ж: Егер күн тұтылса мұсылмандар жамағат болып азан, қаматсыз екі рәкәғат намаз оқиды. Ол әр рәкәғатта екі рет сәждесі бар кәдімгі екі рәкәғат нәпіл намазындай. Мұнда қырағатты ұзағырақ оқып,сосын намаздан соң күн ашылғанша Алладан дұға тілейді.

С: Қырағатты дауыстап оқи ма, әлде жасырын оқи ма?

Ж: Әбу Ханифаның көзқарасында жасырын оқиды, ал Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің пікірінше дауыстап оқиды.

С: Бұл намазға кім имамдық етуі керек?

Ж: Жұма оқып жүрген имам оқиды.

С: Жұма имамы келмесе ше?

Ж: Онда адамдар жеке-жеке оқиды.

С: Бұл намазда хұтпа бар ма?

Ж: Мұнда хұтпа болмайды.

С:Ал, егер ай тұтылса не істеу керек?

Ж: Ай тұтылғанда адамдар жеке-жеке намаз оқиды.

С: Күн мен айдың тұтылуларында басқа істелінетін амалдар бар ма?

Ж: Айша намаздың (р.а) риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Күн мен Ай Алла Тағаланың аят-белгілері, олар біреудің өлімі не өмірі үшін тұтылмайды. Мұндай жағдайда Алладан дұға тілеп, намаз оқыңдар, садақа беріңдер», – деген. Асма бинт Әбу Бәкірден (р.а) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) күн тұтылғанда құл азат етуге бұйырған.