• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

С: Истисқа деген не?

Ж: Бұл сөз қуаңшылықта су тілеу дегенді білдіреді.

С: Истисқа намазын қалай оқылады?

Ж: Бұл намаз шариғатта бар. Бірақ уәжіп емес. Тек дұға, истиғфармен шектелсе де жеткілікті. Пайғамбарымыз (с.а.с.) құрғақшылық уақыттарында истисқа намазын оқыған. Ал, кейде жұма намазында мінберде Алладан жаңбыр тілеп, дұға жасаған.

С: Фиқһ кітаптарында Әбу Ханифаның истисқа намазында белгілі бір сүннет үлгісі жоқ деген пікірі келтірілген. Мұның мағынасы не?

Ж: Оның мағынасы истисқада намаз оқылуы сүннет муәккәда емес, онда кейде дұға ету де жеткілікті дегенді білдіреді.

С: Имам адамдармен бірге истисқа намазын оқығанда не істейді?

Ж: Имам адамдармен бірге қала не ауылдың сыртына алаңқайға Алладан қорыққан, тіленген күйде шығады. Сол жерде жамағат болып намаз оқиды. Имам дауыстап оқиды. Хұтпа кезінде имам шапанын жамылады. Ал, жамағат өйтпейді. Хұтпадан соң имам құбыла тарапқа қарап дұға қылады. Артындағы жамағат отырған күйлерінде аллаға истиғфар етіп, тәуба тілейді. Истиқаны әлсіздер, қарт-қария, балалармен бірге жасаған дұрыс.

С: Мұнан өзге жасалатын амал бар ма?

Ж: Иә, намаздан шығардан бұрын садақа белрулері керек.