• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

С: Мәйітке намаз қалай оқылады?

Ж: Мәйітке намаз оқыларда имам мәйіттің кеуде тұсында, жамағат имамның артында тұрады. Жамағаттың үш сап болып тұруына болады. Имам намазды тәкбір алып бастайды. Жамағат та іштерінен тәкбір алады. Бұл тәкбірден кейін Алла Тағалаға мадақ-мақтау айтады. Қаласа Сәнә дұғасын оқиды. Сонан соң екінші тәкбірді алып, Пайғамбарымызға салауат айтады. Үшінші тәкбірден кейін мәйітке, өлі-тірі мұсылмандарға дұға тілейді. Мұнан кейін төртінші рәкәғаттан соң екі жағына сәлем береді.

С: : Жаназа намазында мәйіт бала болса қандай дұға оқиды?

Ж: «Аллаһуммаажъал ләнә фаратан» деп басталатын дұғаны оқиды.

С:Жаназа тәкбірлерінде қол көтеріле ме?

Ж: Бірінші тәкбірден басқасында қол көтерілмейді.

С: Жаназа намазы оқылу үшін жамағат болуы шарт па?

Ж: Шарт емес. Мәйітке бір ер адам немесе бір әйел адам намаз оқыса да жеткілікті, парыз кифая орындалған болады.

С: Жаназа намазының шарттары мен парыздары қандай?

Ж: Жаназа намазының шарттары: кіші және үлкен хадестерден таза болу, киім мен орынның таза болуы, мәйіттің таза болып, имамның алдына қойылуы. Парызы екеу: қиям мен төрт тәкбір. Бұдан басқалары сүннетке жатады.

С: Жаназаны мешітте оқи ма?

Ж: Жаназа намазын мешітте оқу мәкруһ. Пайғамбарымыз (с.а.с.) жаназаны мешіттен сырт жерде оқыған. Мәйіттер мешіттің сыртына қойылатын болған.

С: Жаназа намазына имамдық етуге кім лайық?

Ж: Имамдық етуге лайығырақ адам - әкім (егер қатысса). Егер ол келмесе жергілікті имам, содан соң мәйіттің жақындары.

С: Жаназаға мәйіттің туысы мен әкімнен басқа біреу имамдық етсе, мәйіттің жақындарының намазды қайталап оқытуларына бола ма?

Ж: Иә, болады.

С: Мәйіттің жақыны имамдық етсе, басқа бір кісіге қайта оқытуға бола ма?

Ж: Мәйіттің жақыны имамдық етсе басқа ешкімнің қайта оқуына  болмайды.

С: Жаназа оқылмай жерленсе үкімі қандай?

Ж: Үш күнге дейін қабірінің басында оқылса болады. Үш күннен асса болмайды.