• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

Text Size
Top Tab Content

С: Адамдар мәйітті қалай көтеріп алып жүреді?

Ж: Табыт не лақытының төрт жағынан ұстап, тербелетпей, тездетіп жүріп отырады. Көтергісі келген кісі табыттың алдыңғы оң жағын оң иығымен, соңғы оң жағын да оң иығымен көтереді. Сол жағының алдыңғы жағын да, соңғы жағын да сол иықтарына салып көтереді.

С: Адамдардың қорымның ішінде отыруларына бола ма?

Ж: Иә. Қорымның ішінде отыруға болады. Бірақ табыт адамдардың иықтарынан жерге түсірілгенше отыру мәкруһ.

С: Қабір қалай қазылады?

Ж: Қабір белге дейін немесе кеудеге дейін қазылады. Тереңірек қазса жақсы. Қабірдің ішінен лақыт ойылып қазылады. Сол қазылғаны абзалырақ. Жер бос боса, жарма түрінде қазса да болады.

С: Мәйітті қабірге қалай түсіреді?

Ж: Құбыла жағынан түсіріліп, лақытына қойылады. Алып кіргізуші адам: «Бисмиллаһ, уа биллаһи, уа алә милләти Расулиллаһ саллаллаһу аләйһи уа сәлләм» деп құбылаға қаратып, оң жағына жатқызып қояды. Кебіннің байламдарын шешеді. Сосын лақытты кірпіш не кесекпен бекітеді. Сонан соң топырақ салады.

С: Лақытты бекітуге кірпішті, ағашты немесе қамысты пайдалануға бола ма?

Ж: Кірпіш пен ағашты пайдалану мәкруһ. Қамысты пайдалану ештеңе етпейді.

С: Топырақ салынған соң қабірді қалай көтереді?

Ж: Қабырдың топырағын төбешік қылып үйеді. Тегістемейді. Бір шынтақтан артық көтермейді.

С: Қабірді ақтау, гипс, цементтен тұрғызудың үкімі не?

Ж: Мұның бәрі Пайғамбарымыз (с.а.с.) тыйым салған күнә істер.

С: Нәресте іңгәләп туылып, біраздан соң қайтыс болса үкімі қандай болады?

Ж: Тірі болып туған соң қайтыс болса оған ат қойылып, жуындырылып жаназа намазы оқылады.

С: Егер жыламаса және тіршілік белгісі байқалмаса ше?

Ж: Бір шүберекке оралып жерленеді. Жаназа намазы оқылмайды.

Категория: Намаз бабы
Bottom Tab Content