• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

С: Шәһид болып қайтқан кісінің үкімі басқаша бола ма?

Ж: Иә, оның үкімдерінде өзгешеліктер бар.

С:  Ол үкімдер қандай?

Ж: Кәпірлер өлтірген мұсылманның денесі майдан даласында табылса немесе соғыстан жаралы болып қайтып, сол жарақатының себебінен қайтыс болса, ия болмаса мұсылмандар зұлымдықпен өлтіріп, құны төленбейтіндей болса кебінделіп, жаназасы шығарылады, жуылмайды.

С: Егер шәһид жүніп күйінде қайтыс болса да жуылмайды ма?

Ж: Әбу Ханифаның пікірінде жуылады. Ал, Әбу Юсуф пен Мұхаммед жуылмайды деген. Шәһид болып қайтқан сәби бала туралы да осындай пікірталас бар. Әбу Ханифа жуылады десе, өзге екеуі жуылмайды деген пікірде.

С: Шәһид болып кеткендердің денелері басқа қайтыс болғандар секілді жуылмайтынын білдік. Ал, оның үстіндегі қаны жуылып, қан болған киімі шешіліп алына ма?

Ж: Оның денесіндегі қаны жуылмайды, киімі де шешілмейді. Тек қалың тері киімдері, сыртқы шапан, аяқ киімі, қару-жарағы шешіліп алынады.

С: Майдан даласында жарақаттанып, сосын су ішіп не тамақ жеп немесе дәрі ішіп, содан соң қайтыс болса шәһид саналады ма?

Ж: Ол Алла Тағаланың алдында шәһид. Иншаллаһ, шәһидтің сауабын алады. Ал, дүниелік үкімдеріне келер болсақ, ол жуылмайтын шәһидтердің қатарына қосылмайды. Жай мәйіттер сияқты жуылып, намазы оқылып жерленеді. Су ішу, тамақ жеу, дәрі ішу артық іс болып есептеледі.

С: Бір кісі майдан даласында жарақаттанып, бір намаз уақыты өткенше тірі қалса немесе майдан даласында тірі күйінде алып шығарылғаннан кейін қайтыс болса оның үкімі қандай?

Ж: Бұл да артық іс үкіміне кіреді. Барлық мәйіттер секілді жуылып, намаз шығарылып жерленеді.

С: Қылмысы үшін жазалау кезінде немесе кек қайтарудан қайтыс болғандардың үкімі не?

Ж: Жуылып, намазы шығарылады.

С: Қылмыскер немесе жол торуылдаушы қарақшы болып жүріп өліп кеткеннің үкімі қандай?

Ж: Оларға жаназа намазы оқылмайды.