• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

Text Size
Top Tab Content

С: Ислам дініндегі намаздың үкімі қандай?

Ж: Намаз – Исламның иманнан кейінгі ең басты тірегі. Исламның ең негізгі діңгегі. Бұл туралы Құран Кәрімде көп айтылған. Бұл балиғатқа жеткен, ақыл-есі түзу кез келген мұсылман ер мен әйелге парыз. Кімде-кім намаздың парыз екендігін мойындамаса, ол Ислам дінінен шығып кеткен болып есептеледі.

С:Балаларды неше жастан намаз оқуға бұйыру керек?

Ж: Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Балаларыңды жеті жастан бастап намазға бұйырыңдар. Он жасқа жеткенде ұрып болсын намаз оқытыңдар. Осы жастан қыз бен ұлдың төсектерін бөлектетіңдер», – деп бұйырған. Сондықтан ата-аналар баласына намаз оқытуды қолға алулары керек. Ал, Алла Тағала: «Отбасыңа намаз оқуды бұйыр, өзің де сабырлылықпен орында», – деген (Таһа,132).

Категория: Намаз бабы
Bottom Tab Content