• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

С: Намаздың сүннеттері қандай?

Ж: Олар төмендегідей:

1.     Тәкбір тахримеде ер кісілер қолдарын екі құлақтарына дейін, әйелдер екі иықтарына дейін көтереді. Ерлер сол қолын оң қолының үстіне қойып, кіндіктерінің астына байлайды.

2.     Тахриме тәкбірінен соң Сәнә дұғасын оқу.

3.     Ағузіні оқу.

4.     Бисмилланы оқу.

5.     Фатихадан кейін іштей «Әминді» айту.

6.     Рукуғта тұрғанда «Сәмиаллаһу лиман хамидаһ» дұғасын оқу.

7.     «Раббана ләкәл хамд» дұғасын оқу.

8.     Рукуғ, сәжде, қиям, қуғуд, жасағанда, сәждеден тұрғанда тәкбір (Аллаһу әкбар!) айту.

9.     Рукуғ пен сәждедегі тәсбихтерді айту.

10.   Рукуғта екі қолдарын тізеге қойғанда саусақтарының арасын ашып ұстау.

11.   Отырыстарда сол аяғының үстіне отырып, оң аяғын (табанын) тік ұстау.

12.  Тәшәһһудте оң саусағымен ишарат жасау.

13.  Отырыста екі қолын екі аяқтың үстіне қою.

14.   Парыз намаздарда алғашқы екі рәкәғатта, парыз емес намаздарда барлық рәкәғаттарда қырағат қылу (Фатихадан кейін қосымша аят оқу). Иманның тәкбірлер мен  «Сәмиаллаһу лиман хамидаһты», сәлемді дауыстап айтуы.

15.   Соңғы тәшәһһудтен кейін Пайғамбарға (с.а.с.) салауат айту.

16.   Салауаттан кейін Құран мен Сүннеттен жаттаған дұғаларын оқу.

17.   Оңға және солға бұрылып сәлем беру.

18.  Имам сәлем бергенде артындағы ұюшылар сақтаушы періштелерге, мұсылман жындарға деген ниетпен сәлем береді.

19.  Имамның дәл артында тұрған ұюшы сәлем бергенде имамға деп береді.

20. Ұюшы сәлем бергенде басқа ұюшыларға, періштелерге, мұсылман жындарға деп береді.

Жеке намаз оқушы сәлем бергенде тек періштелерге деп береді.