• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

Text Size
Top Tab Content

С: Намаздағы имам мен ұюшының, жеке кісінің қырағаттары қалай?

Ж: Төмендегі нәрселерді есте ұстау қажет:

1.     Барлық намаздарда жалпы қырағат оқу парыз.

2.     Фатиха сүресін оқу уәжіп.

3.     Фатихадан кейін бір сүре немесе үш аят оқу да уәжіп. Жалпы қырағат дегеніміз осы екі оқу.

4.     Бұған парыз намаздардың үшінші және төртінші рәкағаттары жатпайды. Бұларда Фатиха сүресін оқу сүннет.

5.     Парыздың бірінші және екінші рәкағаттарында қырағат оқу уәжіп.

6.     Фатиханы қосымша сүреден бұрын оқу уәжіп.

7.     Парыз намаздар екі рәкағаттан көп болса намаз оқушы соңғы рәкәғаттарда қаласа Фатиха сүресін оқиды, қаласа тәсбих айтады. Фатихадан кейін тағы оқыса сәһуа сәждесін жасамайды.

8.     Имамның артында ұюшы ештеңе оқымайды.

9.     Имамның таң, жұма, айт намаздары мен құптан және ақшам намаздарының алғашқы екі рәкәғаттарын дауыстап оқуы уәжіп.

10.  Имам да, жеке оқушы да бесін, екінті намаздары мен ақшам, құптан намаздарының соңғы екі рәкәғаттарын соңғы екі рәкәғаттарын жасырын оқуы керек.

11.  Жеке оқушының дауыстап оқитын намаздарды жасырын оқуына да болады.

12.   Имамға да, жеке оқушыға да таң, бесін намаздарында ұзынырақ сүрелерді оқу (Хужурат пен Буруж сүрелері арасындағы сүрелер), екінті мен құптанда орташаларын (Тариқтан Бәйина сүреіне дейін), ақшам намазында қысқаларын (Зілзәләдан құранның аяғына дейін) оқу сүннет. Бұл тұрғылықты кісі үшін, ал жолаушы өз қалауы бойынша оқиды.

С: Имам мен жеке оқушы дауыстап оқитын намазда қырағат қылғанда «Бисмиллаһ» пен «Ағузуні» де дауыстап оқуы керек пе?

Ж: Бұларды іштен оқу керек.

С: Имам мен ұюшы Фатиханы оқып бітіргенде «Әминді» дауыстап айтуы керек пе?

Ж: Дауыстап айтпайды.

С: Әйел жеке оқығанда дауыстап оқыса бола ма?

Ж: Жоқ. Жасырын оқиды.

С: Кейбір намаздарға белгілі бір сүрені оқуға бола ма?

Ж: Қандай да бір намазға арнайы аяттарды белгілеп, тек сол аяттарды ғана оқып әдеттену дұрыс емес. Басқа аяттарды біле тұрып арнайы аяттарды ғана оқу мәкруһке жатады.

С: Белгілі аяттарды белгілі бір намазда оқуға арнайы оқитын болмаса да, бірақ Сүннет бойынша кейбір намаздарда кейбір аяттарды оқу бар ма? Солай оқыса сауабы бола ма?

Ж: Иә, Пайғамбардың (с.а.с.) сүннетіне жеткізетін арнайы оқулар бар. Кейбіреулері төмендегідей:

1.     Жұма күнгі таң намазында бірінші рәкәғатта Сәжде сүресін оқу, екінші рәкәғатта Инсан сүресін оқу сүннет.

2.     Жұма намазында бірінші рәкәғатында Жұма сүресін, екінші рәкәғатында Мунафиқун сүресін оқу сүннет.

3.     Жұма намазында алғашқы рәкәғатында Ағлә сүресін, екінші рәкәғатында Ғашия сүресін оқу да сүннет.

Осы екі сүрені Айт намаздарында оқу да сүннет.

Категория: Намаз бабы
Bottom Tab Content