• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

1.     Егер тәйәммуммен дәрет алушы намаздың үстінде су көрсе;

2.     Мәсіге не таңғышқа мәсіх тартушының намаз үстінде мәсіх тарту мерзімі бітсе;

3.     Немсе мәсі намаздың үстінде аздап шешіліп кетсе;

4.     Сауатсыз болып, намазда бір аятты ғана үйренсе;

5.     Киімсіз болып, намаздың үстінде киім көрсе;

6.     Ишаратпен намаз оқып, намазда рукуғ, сәжде жасауға күші жетсе;

7.     Оқып жатқан намазынан бұрынғы намазы намазының қаза болғаны есіне түссе;

8.     Имамның дәреті бұзылып, орнына сауатсыз адамды қойып кетсе;

9.     Жұма созылып кетіп, екінтінің уақыты кіріп кетсе;

10.  Мәсіх тартып жүрген жарасы жазылып, таңғышы түсіп қалса.

11.  Истихаза иесі болып қаны келіп қалса.

Әбу Ханифаның айтуынша бұл жағдайлар соңғы отырысқа отырып, тәшәһһуд оқитындай уақыт отырғаннан кейін орын алса да намазы бұзылады.

Ал, Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің айтуынша осы жәйттер соңғы отырысқа отырып, тәшәһһуд оқитындай уақыт отырғаннан кейін орын алса намазы бұзылмайды.