• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

Text Size
Top Tab Content

С: Намазда істеуге болмайтын, істесе мәкруһ болатын іс-әрекеттер қандай?

Ж: Намаз оқушыға мына нәрселерді істеу мәкруһ:

1.     Киімімен немесе денесімен ойнау.

2.     Жерде жатқан майда тастарды алу. Сәжде жасауға кедергі келтірсе тек бір рет ысыруға болады.

3.     Саусақтарын сатырлатып, бір-бірімен айқастыру.

4.     Қолын бетіне таяну.

5.     Киімін ағыту, жинау.

6.     Шаштарын қайыру.

7.     Оңға, солға басын бұру.

8.     Отырғанда ит сияқты шоқиып отыру.

9.     Білектерін жерге тигізіп сәжде жасау.

10.  Сырттан сәлемдескенге қолымен сәлем қайтару.

11.  Үзірсіз малдасын құрып отыру.

12.  Маңдайы мен мұрнына жұққан шаңды қолымен сүрту.

13.  Аузына Құран оқуға кедергі келтіретін нәрсе салып тұру.

14.  Көңілін аударатын, тақуалықты бұзатын кез-келген іс-әрекет.

Категория: Намаз бабы
Bottom Tab Content