• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

С: Намаз оқып жатқанда намаз оқушының дәреті бұзылса не істейді?

Ж: Намаздан шығып, дәрет алып келіп, намазын әрі қарай жалғастырады. Қайтадан бастағаны абзал.

С: Ал, егер ол кісі иман болса ше?

Ж: Егер имам болса артында ұюшылардың бірін орнына қалдырып шығып кетеді. Имам болған кісі намазды тәмамдайды.

С: Егер имам орнына қойған ұюшы намазға кейін қосылғандардан болса ше?

Ж: Ондай жағдайда ол имамның қалған намазын оқып, орнына намазды имаммен бірге бастаған адамды (мудрик) қалдырады.

С: Тәшәһһуд оқу мөлшеріндей отырған соң дәреті бұзылса не істейді?

Ж: Намаздан шығып, дәрет алып, намазын тәмамдайды.

С: Осы аралықта, яғни дәреті бұзылған соң сөйлессе үкімі не?

Ж: Намазы бұзылады. Намазын қайта оқуы қажет. Біліп сөйлесе де, ұмытып сөйлесе де бәрібір.

С: Осы жағдайда дәретін алып келу кезінде құбыладан басқа жаққа бұрылса намазы бұзыла ма?

Ж: Бұл кешірімді. Дәрет алып келу үшін қанша қадам жүрсе де намазы бұзылмайды.

С: Намаз кезінде бой дәреті бұзылса жуынып келіп, қайтадан жалғастыруына бола ма?

Ж: Намазда ұйықтап қалып, жүніп болса немесе жынданса, есінен танса немесе дауыстап күлсе намазы бұзылады. Бұл намазды қайтадан жалғастыруға болмайды. Бірінші жағдайда ғұсыл алып, намазын қайта оқу керек.