• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

Text Size
Top Tab Content

С: Құран оқушылардың тиләует кезінде сәжде жасап жатқандарын көреміз. Бұл сәжде қалай аталады?

Ж: Бұл тиләует сәждесі деп аталады. Тиләует сәждесі бар аятты оқыған, естіген адамға жасауа уәжіп сәжде.

С: Мұндай сәжде аяттары Құран Кәрімнің қай сүрелерінде бар?

Ж: Құран Кәрімнің он төрт жерінде сәжде аяттары бар. Олар:

1.     Ағраф сүресі, 206-аят.

2.     Рағыд сүресі, 15-аят.

3.     Нәхл сүресі, 49-аят.

4.     Исра сүресі, 107-аят.

5.     Мәриям сүресі, 58-аят.

6.     Хаж сүресі, 18-аят.

7.     Фурқан сүресі, 60-аят.

8.     Нәміл сүресі, 25-аят.

9.     Сәжде сүресі, 15-аят.

10    Сад сүресі, 24-аят.

11.   Фуссилат сүресі, 38-аят.

12.  Нәжім сүресі, 62-аят.

13.  Иншиқақ сүресі, 21-аят.

14.  Ғалақ сүресі, 19-аят.

Сәжде аяттарын қарилар жақсы біледі және Құран Кәрімде арнайы белгілермен белгіленген.

С: Егер имам сәжде аятын оқыса ұйып тұрғанға сәжде ету уәжіп бола ма?

Ж: Егер имам сәжде аятын дауыстап не жасырын оқыса өзі де, артында ұйып тұрғандар да тиләует сәждесін жасаулары қажет.

С: Ұюшы сәжде аятын оқыса өзі де, имам да тиләует сәждесін жасаулары керек пе?

Ж: Жоқ. Ұюшы оқыса екеуіне де сәжде жасау керек емес.

С: Намаз оқып тұрғанда намаздан тыс бір кісі сәжде аятын оқыса сәжде жасау керек пе?

Ж: Намаздан кейін сәжде жасау уәжіп болады.

С: Намазда жасаса болмай ма?

Ж: Намазда жасауына болмайды.

С: Осылай жасаса намаздары бұзыла ма?

Ж: Жоқ. Намаздары бұзылмайды.

С: Бір кісі намаздан тыс тиләует сәждесін оқып, бірақ сәжде жасамай намазға тұрып, намазында сол аятты оқып тиләует сәждесін жасаса, осы сәжде екі оқуына да жарай ма?

Ж: Егер бір уақытта болса жарайды.

С: Ал, керісінше, бір кісі сәжде аятын намаздан тыс оқып, тиләует сәждесін жасап, кейін намазға тұрып сол аятты оқып, бірақ тиләует сәждесін жасамаса алғашқы жасаған сәждесі жеткілікті бола ма?

Ж: Жоқ. Бірінші жасаған сәждесі жетуілікті емес. Екінші сәждесін жасау керек.

С: Егер бір сәжде аятын бірнеше рет оқыса бір рет жасаған сәждесі жеткілікті ме?

Ж: Бір мәжілісте оқыса бір сәжде жетеді. Бірнеше уақытта оқыса бірнеше рет жасау ләзім. Сол сияқты бір уақытта бірнеше сәжде аяттарын оқыса әрқайсысына сәжде жасауы керек.

С: Тиләует сәждесі қалай жасалынады?

Ж: Қолын көтермей тәкбір айтып, бір рет сәжде жасайды. Сосын тәкбір айтып басын көтереді. Басқа қимыл жасамайды.

Категория: Намаз бабы
Bottom Tab Content