• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

С: Рамазан оразасы қашан парыз болады? Рамазан айының кіргенін қалай білеміз?

Ж: Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Оразаны айдың тууына қарап бастап, айдың тууына қарап аяқтаңдар. Егер ай көрінбесе, шағбан айын отыз күнге толтырып, бастай беріңдер»,- деген. Демек, адамдар рамазан айының алдындағы шағбан айының жиырма тоғызы күні кешке қарай жаңа айдың – рамазан айының тууын күтулері керек. Егер туған ай көрінсе ертеңінен бастап ораза тұтады. Ал, егер көрінбесе сол айды отыз күнге толтырып, оразаны бастайды.

С: Жиырма тоғызыншы шағбан күні кешке аспан бұлтты болып, ешкім жаңа туған айды көрмей, тек бір кісі өзінің туған айды көргендігін айтса оның куәлігі қабыл алына ма?

Ж: Мұндай кезде шыншыл әрі әділ бір мұсылманның, мейлі, ол ер кісі болсын не әйел болсын, азат болсын, құл болсын куәлігі қабыл алынады.

С: Ал, егер сол күні аспан ашық болып, ешқандай кедергі болмаса ше? Бір адамның куәлігі қабыл алына ма?

Ж: Мұндай жағдайларда куәліктері қабыл алынбайды.

С: Рамазан айының басталуы туралы білдік. Ал, енді рамазан айының аяқталып, ораза айттың басталғанын қалай білеміз?

Ж: Егер аспанда бұлт тәрізід кедергі нәрсе болып, дұрыс көрінбесе имам яки қазы жаңа туған айды көргендігі туралы екі ер кісінің немесе бір ер кісі және екі әйел кісінің куәлігін ғана қабыл алады. Егер аспан ашық болса көп адамдардың куәліктері ғана қабыл алынады.

С: Бір адам рамазан айының туғанын немесе айт айының туғанын көріп, бірақ имам оның куәлігін қабыл алмаса не істейді?

Ж: Рамазанның туған айын көрген болса өзі тұта береді. Ал айт айы – шәууал айының туған айын көрген болса ораза тұта береді, аузын ашпайды.