• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

Text Size
Top Tab Content

С: Оразаны қандай нәрселер бұзады?

Ж: Әйелін сүюден немесе жанасудан, жалаң жақындасудын денеден ұрық шықса не тас, темір, дән жұтып қойса, не укол салса яки мұрнына не құлағына дәрі тамызса, асқазанына немесе көзінің қарашығына дәрі жасап, ішіне жетсе немесе сиқырға ұшырап таң атпаған деп ойлап, не күн батты деп ойлап, тамақ ішіп, ейін олай болмағанын анықтаса осы жағдайларда қазасын тұтады, кәффарат өтемейді.

С: Ер кісінің жыныстық мүшесінің ұшына дәрі тамызса оразасы бұзыла ма?

Ж: Әбу Ханифа мен Мұхаммедтердің айтуынша бұзылмайды. Әбу Юсуф бұзылады деген.

С: Еріксіз немесе өзін-өзі күштеп құсса оразасы бұзыла ма?

Ж: Еріксіз құсса бұзылмайды, өзі-өзі күштеп ауыз толтыра құсса бұзылады, қазасын өтеуі керек.

С:  Қазасы мен кәффаратын (айыбын) өтеу қашан міндетті болады?

Ж: Рамазан айы күндіз, ораза кезінде әдейі төсек қатынасын жасаса, тамақ жесе немесе дәрі ішсе, оразасы бұзылады, қазасын тұтып, кәффаратын орындауы қажет.

С: Кәффарат деген не?

Ж: Бір құлда азат ету немесе екі ай бойы үздіксіз ораза тұту. Бұл екі айда рамазан мен ораза тыйым салынған күндер болмауы керек.

С: Рамазан оразасынан басқа ораза түрін бұзса кәффарат бар ма?

Ж: Рамазан айынан басқа оразаны бұзса кәффарат жоқ. Тіпті, оразасы рамазан айының қазасы болса да.

Категория: Ораза бабы
Bottom Tab Content