• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

03 Darettin sunetteri

С: Дәреттің сүннеттері қандай?

Ж: Дәреттің сүннеттері мыналар:

1.     Ниет. Хадестен арылуға ниет етеді немесе дәретсіз істеуге болмайтын істі атқаруға ниет етеді. Сол үшін дәрет алады.

2.     Дәрет алудан бұрын екі қолын білезігіне дейін үш рет жуу. Бұл іс, әсіресе, ұйқыдан тұрған кісілерге арналған.

3.     Дәрет алудан бұрын «Бисмилланы» айту.

4.     Тісін мисуакпен тазалау.

5.     Аузын сумен үш рет шайқау (мадмада).

6.     Мұрынға үш рет су алып, сіңбіріп тастау.

7.     Бастың шаш өскен жеріне толықтай мәсіх тарту.

8.     Екі құлаққа мәсіх тарту.

9.     Саусақтардың арасына су жіберу үшін тарамдау.

10.   Сақалдың арасына су жіберу үшін сулы қолмен тарамдау.

11.    Жууды реттен орындау.

12.    Мүшелерді Құран Кәрімде келген реттпен жуу:

     – бетті;

     – екі қолды шыртақтармен;

     – басқа мәсіх тарту;

     – екі аяқты тобықтармен жуу.

13. Бәрін оңнан бастау. Мысалы, бірінші оң қолын, сосын сол қолын, бірінші оң аяғын, сосын сол аяғын жуу.

14.  Дәрет істерін арасын үзбей, яғни бірінен кейін бірін бір уақытта орындау.

15.  Мойынға мәсіх тарту.