• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

С:Қаны тоқтамай ағатын немесе жазылмайтын жарақаты бар, ия болмаса кіші дәреті не жел шығуы тоқтамайтын үзір иелерінің үкімі қандай?                                

Ж:Бұлар әрбір намазға дәрет алып, қалаған парыз, нәпіл намаздарын оқиды. Үзірге себеп болған нәрсе намаз уақыты шыққанша дәретін бұзбайды. Намаз уақыты бітсе, үзірлі дәреті бұзылады.

С:Үзіріне себеп болған жай уақыттары дәретті бұзатын нәрселер орын алса дәреті бұзыла ма?                                 

Ж:Әрине, әдеттегі дәретті бұзатын жәйттар үзірлі дәретті де бұзады. Мысалы, мұрыннан қан тоқтамайтын адам үзірлі дәрет алғаннан соң әжетханаға барса дәреті бұзылады.