• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

Text Size
Top Tab Content

С: Зекетсөзінің мағынасы не?

Ж: Зекетсөзі араб тілінде тазалық, өсіп-өну деген мағыналарды білдіреді. Ал, шариғатта зекет шығаратын мөлшердегі (нисабқа) мал-мүлік иесінің өзінің дүниесінен Алла Тағала белгілеген зекетін өз иелігінен шығарып, кедейге тапсыруы деген терминдік мағына білдіреді.

С: Зекеттің үкімі қандай?

Ж: Зекет – Алла Тағаланың мұсылмандарға міндеттеген парызы, Ислам дінінің басты діңгектерінің бірі. Алла Тағала Өзінің Кітабында «Намаз оқыңдар және зекет беріңдер» деп бұйырған (Бақара, 43). Зекеттің парыз екендігін мойындамаған адам Ислам міллетінен шыққан болып есептеледі.

Категория: Зекет бабы
Bottom Tab Content