• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

Text Size
Top Tab Content

С: Мал-мүліктің зекет беру парыз болған басқа түрлері бар ма?

Ж: Иә, жайылатын малдан зекет беру парыз.

С: Жайылатын малдарға қайсылары жатады?

Ж:Ол жайылымдарда жайылатын түйе, сиыр, қой сияқты түліктер. Зекет парыз болуының шарты – бір жыл жайылуы тиіс. Жарты жыл немесе одан да көп уақыт жем берсе зекет парыз болмайды.

С: Бұл жануарлардан шығарылатын зекеттің мөлшері қанша?

Ж: Зекет мөлшері жануарлардың түріне байланысты әркелкі.

С: Арбаға, жұмысқа жегіліп, үйде жем беріліп бағылатын жануарлардан зекет шығарыла ма?

Ж: Жұмысқа жегілетін, жем-шөппен бағылатын малдан зекет берілмейді.

Категория: Зекет бабы
Bottom Tab Content