• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

С: Түйеден берілетін зекеттің мөлшері қандай?

Ж: Түйе саны беске жетпесе зекет берілмейді. Бес түйеден тоғыс түйеге дейін бір қой зекетке беріледі. Түйелердің саны онға толғанда екі қой беріледі. Он беске жеткенде үш қой. Жиырма түйеден төрт қой. Жиырма бес түйеге жеткенде екі жасқа толған ұрғашы түйе. Отыз алты түйеге жеткенде үш жасар ұрғашы түйе. Қырық алты түйе болғанда төрт жасар ұрғашы түйе. Алпыс бір түйе болғанда бес жасар ұрғашы түйе. Жетпіс алтыға жеткенде үш жасар екі түйе. Тоқсан бірден жүз жиырмаға жеткенше төрт жасар екі түйе. Жүз жиырмадан бастап осы есеп қайтадан басталады. Яғни, жүз жиырма бесте төрт жасар екі түйе мен бір қой. Жүз отызда төрт жасар екі түйе мен екі қой. Осы екі төрт жасар түйеге жүз отыз беске жеткенде үш қой, жүз қырық бесте бір екі жасар түйе, жүз елуде екі жасар үш түйе. Мұнан кейін қайтадан есептеу басталады. Бес түйеге бір қой, он түйеге екі қой, он бес үш, жиырмада төрт қой, ал жиырма бес түйе қосылғанда бір екі жасар түйе. Отыз алты түйе қосылса бір үш жасар түйе. Жүз тоқсан алты түйеден екі жүзге жеткенше төрт жасар төрт түйе. Екі жүзден бастап осы санақ үлгісі қайтадан жүргізіледі.

С: Түйенің түрлеріне қарай зекеттерінде айырмашылық бола ма?

Ж: Бұл санақ түйелердің барлық түріне бірдей қатысты.