• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

С:Жылқыдан зекет беріле ме?

Ж: Егер жылқы еркегі мен ұрғашысы аралас болып жайылып, бір жыл өткен болса, оның иесі қаласа әрбір атқа бір динар береді. Қаласа жалпы құнын есептеп, әрбір екі жүз дирхемнен бес дирхем шығарады. Тек айғырлар ғана болса Әбу Ханифаның айтуынша зекет берілмейді.

С: Жылқының зекеті туралы пікірталас бар ма?

Ж: Иә, Әбу Юсуф пен Мұхаммед жылқыдан зекет берілмейді деген.

С: Қашырлардан зекет беріле ме?

Ж: Қашыр мен есектен зекет берілмейді. Тек айналымдағы тауар ретінде болса зекет беріледі. Тауар секілді бағаланып, зекеті шығарылады.