• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

Зекет

БАЙЛЫҚТЫҢ БЕРЕКЕСІ – ӨЗГЕГЕ КӨМЕКТЕСУ (Зекет – бес парыздың бірі)

Bailiktin berekesi ozgege komektesuЗекет сөзі Құран Кәрімде көбіне намазбен қосарланып келген. Ислам дінінің негізгі тіректерінің ретінде де намаздан кейін келеді. Оның адамдардың жанын тазартуда, мінез-құлықтарын жақсартуда ерекше бір әсері бар. Ол қоғамдағы түрлі дерттерге, қарым-қатынастардағы салқын қабақтылыққа қарсы таптырмас дауа.

Подробнее: БАЙЛЫҚТЫҢ БЕРЕКЕСІ – ӨЗГЕГЕ КӨМЕКТЕСУ (Зекет – бес парыздың бірі)

Беріңіз халал малға қайыр-зекет

    Beriniz xairmalga xalal zeketМақтау мен билікке лайық болған жаратушы Алла, бір өзіне құлшылық ету үшін ғана жаратқан адам баласына бірқатар міндеттер жүктеп орындалуын парыз етті. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Ислам бес нәрседен тұрады. (Олар:) Иман етіп, кәлима айту, намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау және шамасы келсе қажылыққа бару», – деген.

Подробнее: Беріңіз халал малға қайыр-зекет

ЗЕКЕТ – БЕС ПАРЫЗДЫҢ БІРІ (Зекет пен садақаның айырмашылығы)

Ислам дінінде садақа мен зекеттің алатын орны ерекше. Екеуі де –  адамның ыждаһатынан басқа бір мұқтаж адамға көмектессем екен деген ниетінен туындайтын игі амал. Дегенмен, садақа мен зекетті бір ұғымда қарастыруға болмайды. Олардың өздеріне тән ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар екенін ұмытпаған жөн.

Подробнее: ЗЕКЕТ – БЕС ПАРЫЗДЫҢ БІРІ (Зекет пен садақаның айырмашылығы)

Зекет дегеніміз не?

Бес парыздың бірі – зекет

Күллі мадақ пен мақтауларға лайық әлемнің жаратушысы Алла Тағала мұсылмандарға адамзаттың ең таңдаулы құрмет пен тағзымға лайық тұлғасы, хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с) арқылы парыздарын бекітті. Исламның осынау інжу-маржан асыл негіздерінің бірі – зекет.

Асыл дініміз Исламда «Зекет» – көбею, өсу, берекет, тазару, ағыл-тегіл, ас та төк нығметтерге шүкіршілік айту секілді мағыналарды қамтиды.

Подробнее: Зекет дегеніміз не?