• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

Text Size
Top Tab Content

IMG 460

2018 жылы 18 қаңтар күні ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында құрылған ақпараттық топ мүшелеріШардара қаласындағы, №3 мектеп - интернаты мектебінің ұстаздары арасында «Керағар діни ағымдардың алдын алу», -тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуде аудан имамы А. Данияров және аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы Д. Байбеков дәстүрлі ислам дінінің негізгі міндеттеріне тоқталып, түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы дәстүрлі емес ағымдардың көбейуіне байланысты, кейбір жастарымыздың діни сауатының таяздығынан кереғар діни ағымдар мен секталардың алдау арбауына түсіп, олардың торынан шыға алмай жүргендер жайында мысал келтіре отырып, дін және діни ағымдар жөнінде кең көлемде айтып берді. Керағар діни ағымдардың қауіптілігі, әлеуметтік желілердің жастарға тигізіп отырған зияндылығы жөнінде түсіндіріп, ҚМДБ - ның сайттарынан мәлімет алуға болатынын ескертті. Сонымен қатар, қоғамымызда орын алып жатқан әр алуан мәселелер, халқымыздың салт - дәстүрлері, әдет - ғұрыптарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталып өтті.


Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі.

IMG 460

IMG 461

Категория: Жаңалықтар
Bottom Tab Content