• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

Text Size
Top Tab Content

IMG 462

Шардара қаласы Шардара ГЭС АҚ мекемесінің мәжіліс залында «Діни сауатсыздық діни экстремизмнің бастауы», - атты тақырыбында мекеме қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы, дінтанушы Д. Байбеков, Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров, ҰҚК - нің өкілі қатысты. Кездесу барысында жалған кереғар Сәләфилік діни ағымның іс - әрекеттері жайында түсіндіріліп, ҚМДБ - ның ұстанып отырған бағыты еліміздің ынтымағын нығайтып, бірлігін арттыру жайында жан - жақты мәліметтер берілді. Кездесу соңында аудан имамы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен ІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тұжырымдамасы, «Ханафи мазхабы және Матуриди сенім мектебі - Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» ұстанымы маңызды тәлімдік құжатқа тоқталып өтті.


Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

IMG 462

IMG 463

Категория: Жаңалықтар
Bottom Tab Content