• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

Text Size
Top Tab Content

IMG 473

Бүгін, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев қалалық, аудандық мешіттерінің діни ахуалы мен танысу үшін арнайы жиналыс ұйымдастырылды.

Жиналыс барысында қала, аудан бас имамдарының атқарып жатқан іс шараларының нәтижелерін және алдағы жұмыс жоспарларының есебін тыңдады.
Кездесу барысында өкіл имам Бақтыбай Қыдырбайұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің қойып отырған бірқатар тапсырмаларын жеткізді.
Тапсырмалар ішінде, кереғар ағымдардың алдын алу жұмыстары туралы, ҚМДБ-ға қарасты «Шымкент», «Сарыағаш» медресе-колледждеріне шәкірттер даярлау үшін аудан көлемінде курстар ашу, облыстық «Зекет» қорының жұмысы, халал ісі мен жастар ісі бөлімінің жұмыстары, мешіттің кіріс-шығыс жұмыстары, имамдардың біліктілігі мен мешіт жанындағы діни сауат ашу курстарының маңыздылығы, күнделікті бесін және ақшам намаздарындағы уағыз айту жұмыстары, рухани, қайырымдылық шаралары, мешіт имамдарының әдептілігі мен тәртібі, т.б.с. мәселелерді кеңінен түсіндіріп, нақты тапсырмалар берілді.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

IMG 473

IMG 474

IMG 475

IMG 476

IMG 477

IMG 478

IMG 479

IMG 480

IMG 481

IMG 482

Категория: Жаңалықтар
Bottom Tab Content