• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

Text Size
Top Tab Content

IMG 486

Шымкент қаласы ИЧ 167/11 мекемесінде «Деструктивті ағымдар және діни экстремизм» мәселелеріне арналған семинар ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына мекеме басшысы әділет майоры П.Исақбаев, ҚМДБ-ның ОҚО орынбасары М.Ақтамберді, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Г.Төлегенқызы, «Нұр Отан» партиясы ОҚО бойынша филиалы Шымкент қалалық бөлімшесінің өкілі Б Тұяқбаев, ОҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мамандары Қ.Сартаев, Е.Ерманов т.б. жас мамандар қатысты.
Семинар барысында ОҚО орынбасары Мусабек Ақтамберді «Отанды сүю- иманнан» тақырыбы бойынша баяндама оқыды.
Семинардың негізгі мақсаты: жас қызметкерлердің отансүйгіштік қасиетін арттыру, діни экстремизм мен террорлық әрекеттердің алдын алу, т.б. мәселелер қаралып, талқыланды.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

IMG 485

IMG 486

IMG 487

Категория: Жаңалықтар
Bottom Tab Content