• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

Text Size
Top Tab Content

IMG 513

2018 жылдың 08-ші ақпан айында Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің мәжіліс залында қала, ауыл, өңір имам- молдаларының бас қосуымен алғашқы жиналыс болып өтті. Мәжіліске 50- ден астам имам, молда, найб имамдар қатысты. Жиналысты Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің найб имамы Шаймерден Бағдат ашып, ҚМДБ РИДБ және ОҚО орталық мешітінен келген тапсырмалар және хаттармен таныстырды. 2018 жылы 01-ші ақпан күні Оңтүстік Қазақстан облысы орталық мешітінде өткен жиналыстағы барша мәселелерді қарастырды. Соның ішінде:Ағымдармен жұмысты күшейту. Түсіндіру жұмыстарын жандандыру. Көмек алып отырған имам-молдалар әр ай сайын 4 бағыт бойынша толықтай, электронды нұсқада есеп беруі. Зекет бөлімі және тауаф қажылық компаниясы бойынша барлық мешіттерде баннерлер мен билбордтар ілу. Ақылдастар алқасын құру, оған ауданның құрметті азаматтарын тарту. Түркістан қаласында өткен «Ислам және Ұлы дала өркениеті» атты конференцияда қабылданған үндеуді БАҚ арқылы жариялау. Бес уақыт намазда қызметкердің өзі және міндетті түрде ҚМДБ бекіткен формасы болуы, бесін және ақшам уағыздарының айтылуын қадағалау. Сауат ашу курсы бойынша: мешіттерде тек бұйрығы бар адамдар ҚМДБ бекіткен кесте және тапсырма аясында тек қана мешіттерде дәріс өткізуі, курсқа қабылданушылардың ата- аналарының келісімі және өтініш қағазы болуы. Есеп-қисап бойынша: комиссия мүшелерін толықтыру және жүйелі түрде облысты хабардар етіп отыру, ауданға есепшот ашу, Актілерді толтырып, мәлімет жіберу. Әр жұма күні жұма намазы қалай өткізілгендігі туралы мәліметті кешіктірмеу, апталық есепті уақтылы әрі ретпен жіберу, тазалық және өзге де шаралар қарастырылды. Жиын барысында ұсыныс- пікірлер айтлылып, оң шешімді жауаптар алынды. Жиналыс соңында аталып өтілген істер бойынша тапсырмалар беріліп, хаттама толтырылды.


Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 513

IMG 514

IMG 515

Категория: Жаңалықтар
Bottom Tab Content