• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

IMG 5922

Жуырда ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаевтың төрағалығымен өңірдегі «Зекет» қоры өкілдерінің қаржылық біліктіліктерін арттыруға арналған семинар өтті.
Семинар жұмысына «Ықылас» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Маджанов пен қала, аудан өкілдері т.б. азаматтар қатысты.
Семинар ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев алдымен облыстық «Зекет» қорының өкілі Ғалымжан қажы Назаровтың атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы есебін тыңдады.
Өкіл имам Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы қала, аудандық «Зекет» жұмыстарына жауапты мамандарға алдағы уақытта атқаратын мәселелерге байланысты айрықша тоқталып өтті.
Соның ішінде, қайырымдылық шараларды ұйымдастыру, қаржылық біліктілікті арттыру, ақпарат құралдары арқылы насихат жұмыстарын қолға алу, арнайы кітапшалар мен парақшалар шығару, банктік есеп шоттарға тұрақты қаржы аудару, кәсіпкерлерге арналған семинарлар мен кездесулер сынды іс шараларды ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Мұнымен қатар, семинар барысында өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев облыстық Зекет қорының өкілдігіне жұмыстарды жан-жақты дамыту үшін қосымша облыс имам орынбасары Б.Қымбатов пен Қ.Маджановты әлеуметтік қайырымдылық көмек істері жөнінде көмекшісі етіп бекітті.
Сондай-ақ, өкіл имам Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы жыл бойы үздік жұмыс атқарған жауапты мамандарға алғысын білдірді. Жалпы, семинар жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

IMG 5922

IMG 5931

IMG 5932

IMG 5939

IMG 5944

IMG 5948

IMG 5949

IMG 5951

IMG 5961

IMG 5966

IMG 5974