• Таң

  • Күн

  • Бесін

  • Екінті

  • Шам

  • Құптан

IMG 882

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы мен ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің найб имамы Ақтамберді Мұсабек қажы Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Созақ ауданына ат басын тіреп, Созақ ауданының имам – молдаларымен кездесу өткізді. Бұл бас қосуда ҚМДБ – ның тапсырмаларын жеткізіп, жауапкершілікпен қарау керектілерін айтып жеткізді. Сондай – ақ облыс бойынша жүріп жатқан жаназа рәсімдері мен аста-төк, ысырапшылдық мәселелерін талқылап, алдағы атқаратын міндеттерін айқындады. Сонымен қатар салынып жатқан және салынатын мешіттер және олардың құжаттары, жұма, бесін-ақшам уағыздары, шапан – сәлде мәселесі, сенбілік – тазалық, деструктивті ағымдар мәселесі, сауат ашу курстары, діни мерекелер, басылымдарға жазылу - мақалалар беру, беріліп жатқан тапсырмаладың дер кезінде орындалуын қадағалау міндеттелді. Жиын соңында имамдар өзара ұсыныстарымен бөлісіп, аймақтағы діни ахуалды тұрақты сақтап қалудың тетіктерін талқылады.

Созақ ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі

IMG 882

IMG 883

IMG 884

IMG 885